Шымкентте жеке сот орындаушы жарты миллионнан астам теңгені иемденіп, жаратып жіберген

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Шымкентте жеке сот орындаушы талапкерге берілуі тиіс ақшаны өз шотына аударып отырған. Әл-Фараби ауданының прокуратурасы берешекті өтеуге арналған 556 953 теңгені иемдену фактісі бойынша оның үстінен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

әл-Фараби ауданы сотының шешімімен борышкер талапкерге 1 275 000 теңге төлеуге міндетті болған. Белгіленген қаражат борышкердің айлық жалақысынан ай сайын өндіріліп, жеке сот орындаушысының есеп шотына аударылып отырған. Ол бұл қаражатты өз қажеттілігіне жаратқан.


"Қылмыстық кодекстің 251-бабының 1-бөлігімен (Жекеше нотариустардың, бағалаушылардың, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудиторлардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы) басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды", - делінген қалалық прокуратура.

Айта кетсек, аталған жеке сот орындаушы республикалық жеке сот орындаушылар палатасының мүшелігінен шығарылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды