Скляр утильалым жайлы: ешкім салық төлеуді ұнатпайды, бірақ онсыз болмайды

Бірінші вице-премьер Роман Скляр 5 маусымда Қазақстанда утиль алымын жою туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Склярдың айтуынша,утиль алым - бұл жанама салық.

"Қаржы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бақылауындағы "Жасыл даму" акционерлік қоғамы арқылы жұмсалады. Егер біз экологиялық қажеттіліктерге жұмсайтын кірістер түссе, онда олар бюджеттен өтелуі керек. Ешкім салық төлегенді ұнатпайды, бірақ мұны істеу керек. Барлығы өте қарапайым. Кейбір олигархиялық топтар осыдан пайда табады деп айту, кем дегенде, дұрыс емес. Керек жағдайда "Жасыл даму" және экология министрлігіне жүгіне аласыз, онда олар жұмсалады. Оларды тиімді пайдалану керек", - деп жауап берді Роман Скляр.

Ол тосқауылдар арқылы шешілетін басқа да міндеттер – өз өнеркәсібін дамыту және экологиялық жағдайды жақсарту екенін айтты.

"Әлемнің бірде-бір елі пайдалану мерзімі өтіп кеткен және қоршаған ортаны ластайтын көліктерді әкелуге рұқсат бергісі келмейді. Бұл айдан айқын нәрселер. Қазақстанда автокөлік пайдаланбайтын 15 миллион адам бар. 5 млн автомобиль тіркелген. 15 млн адамнан қалай ма, қаламай ма – пікірін сұраған ешкім жоқ. Әңгіме басқада – бізде қалыпты экология бола ма, жоқ па?! Біздің өнеркәсібіміз дами ма. Біздің құрастыру зауыттарымызды арзандатуға болмайды. Олар дамып келеді. Онда адамдар жұмыс істеп, жалақы алып, салық төлейді. Мұны ескеру керек",-деп толықтырды бірінші вице-премьер.

Сондай-ақ, ол петиция қарауға келіп түскенін және ол жан-жақты қаралатынын атап өтті.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: