Қазақстандық такси жүргізушілері тапсырыстарынан айырылуы мүмкін

Сурет: pxhere
Жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер InDrive және Яндекс Go-мен жолаушыларды тасымалдаудан шеттетілуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Көлік минитрлігі бүгін, 6 маусымда хабарлады.

Аталған шараларды ҚР Көлік министрлігі мен inDrive, Яндекс Go арасында жасалған ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде жүзеге асыру көзделіп отыр.

Осылайша, қосымшаны пайдаланушы адамның берген бағасы мен жалпы рейтингке сүйене отырып, жылдамдықты жиі асыратын жүргізушілер жолаушылардан келіп түскен тапсырыстарды орындаудан уақытша немесе мүлдем шеттетілуі мүмкін.

"Сондай-ақ көлік жүргізушілеріне көліктің техникалық жағдайын тексеру қажеттігі жөнінде және қауіпсіздік белдіктеріне қатысты хабарламалар келіп тұратын болады".ҚР Көлік министрлігі

Қол қойылған меморандум мобильді қосымша операторының такси тасымалдаушыларының автомобиль көлігі саласындағы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша шараларды кезең-кезеңімен қабылдауын көздейді.

"Биыл екінші тоқсанның соңына қарай мүмкіндігі шектеулі жандардың жеке қажеттіліктері мен кішкентай балаларға арналған орындықтарға қатысты ақпаратты көрсетуге мүмкіндік беретін қосымша функцияны енгізу жоспарда бар".ҚР Көлік министрлігі

Меморандумды әзірлеу барысында көзделген басты мақсат – республикалық және жергілікті маңызы бар қалааралық автомобиль жолдарында, сондай-ақ қала ішіндегі тораптарда жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттыру.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі