ЖЭС бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу күні ауысты

Энергетика министрлігі 2024 жылғы ЖЭС бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу күнін ауыстырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 84-бабының 5-тармағына сәйкес, қолданылатын жұмыс режимдеріне және ауысымдық кестелерге (вахталар кестелеріне) қарамастан, мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып есептеледі.

"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 17 сәуірдегі №109 бұйрығымен бекітілген 2024 жылға арналған өндірістік күнтізбеге сәйкес 2024 жылы Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға келеді. Осыған байланысты, 2024 жылғы 17 маусымға жоспарланған ЖЭС бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу күні 2024 жылғы 18 маусымға ауыстырылады", - делінген хабарламада.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: