Қарбыздың алғашқы өнімі Қазақстаннан Ресейге жөнелтілді

Сурет: gov.kz
Алғашқы қарбыз Ресейге Түркістан облысы Жетісай ауданынан жөнелтілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ерекше күтімді қажет ететін "Виктория" қарбыз сорты сәуір айының басында Атамекен ауылдық округіне отырғызылған.

Қажетті агротехникалық шаралардың дер кезінде жасалуының нәтижесінде пісіп жетілген қарбыздан ойдағыдай өнім алынады деп жоспарланып отыр. Ағын суды үнемдеу мақсатында енгізілген тамшылатып суғару әдісі өнімнің артуына да септігін тигізді.

Шаруа қожалығындағы осындай еңбек қызметінің жемісі қазір кг үшін 150-170 теңгеге бағалануда.

"Алғашқы өнімді қазір Ресейге жіберіп жатырмыз. Кейін сұранысқа қарай өзге де өңірлерге жібереміз",- дейді шаруа қожалық төрағасы Асан Мубинов.

Айта кетейік, Түркістан облысында бананның алғашқы өнімі мамырда жиналған.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ҰҚК "Самұрық-Қазына" АҚ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларының ұсталғанын мәлімдеді

Оралда ерлі-зайыпты оқушы қызды зиратқа қарай күштеп алып кетпек болған

Қазақстанда жаңа мемлекеттік наградалар бекітілді: Тоқаев заңға қол қойды

АӘК тағайындау қағидалары: 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап не өзгереді

Алдымен тамақ, содан кейін кісен: ұсталған жүргізушінің өтініші жұртты күлдірді