Атыраудағы шаруалар субсидиядан қағылғалы тұр

Атыраудағы шаруалар субсидиядан қағылғалы отыр. Бұған Ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңадан қабылдап жатқан ережесі себеп.

Жалпы аймақта 3200 қожалық болса, оның тек 1-еуі ғана сүт-тауарлы шаруашылығына жатады. Ал қалғанының барлығы етті-тауарлы бағытта жұмыс істейді.

Құжатта Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сүт-тауарлы бағыттағы қожалықтарға субсидия берілсін деген ұйғарым бар, деп жазады .qazaqstan.tv.

Егер бұл өзгеріссіз қалып, құжат мақұлданса шалғайдағы шаруалардың жайы қиындайды. Шөлейтті аймақта күнелтіп отырған қожалықтар ірі сабақты мал азығына берілетін субсидиядан айырылып қалмақ.

"Қағидаға енгізілетін талапта сүтті-тауарлы деген сөзді алып тастаса, асыл тұқымды мал өнімдеріне деген бір сөз қосылса болды. Сонымен бәрі жүре береді. Бұл қалғаны жергілікті жерде қаржыландыратын мәселе. Сонымен шешіледі де қояды", деді Мұрат Сарманов, Қазақстан фермерлер қауымдастығы АОФ төрағасы.

Ал Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері бұл мәселе бірнеше мәрте талқыланды, әр өңірдің жағдайын сараланып, ортақ шешім шығарылды дейді.

"Тек қана ТЖ орын алған кезде деп отырмыз немесе аномальды қолайсыз ауа райы болған кезде субсидия беріледі. Етті бағыттағылар олар далаға жайылатын болғаннан кейін субсидия беріледі деп отырған жоқпыз." Бағлан Аймырзаев, ҚР АШМ Мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: