Ертең еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Синоптиктер ертең, 13 маусымда еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысының орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Семей қ.: 14 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезказган қ.: 14 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Қала бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, найзағай кезінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Өскемен қ.: 14 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-18 м/с.

Ақтөбе облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі күтіледі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбе қ.: 14 маусымда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында қатты жаңбыр. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күңдіз бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Қарағанды қ.: 14 маусымда найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38-40 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың жағалауында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 14 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталад

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. 14 маусымда облыстың батысында, солтүстік-шағысында жоғары өрт қауіпі, солтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 14 маусымда таңертен және күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 14 маусымда күндіз 35 градус ыстық сақталады.

Атырау облысының батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус қатты ыстық. Атырау қ: 14 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық.

Астанада күндіз кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. 14 маусымда облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетау қ.: 14 маусымда күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 14 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 14 маусымда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 18 м/с. Павлодар қ.: 14 маусымда күндіз найзағай күтіледі.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Обылстың оңтүстік жартысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 17-22 м/с. 14 маусымда облыстың солтүстік жартысында жоғары, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 15 м/с. 

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: