Ақмола облысында мектептердегі тексерістен кейін 4,5 млн теңге айыппұл салынды

Сурет: primeminister.kz
Аудан прокуратурасы мамандарды тарта отырып жалпы білім беру мекемелерінің қызметінде Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аудан прокуратурасы мамандарды тарта отырып жалпы білім беру мекемелерінің қызметінде Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында білім алушылар санының мектептің жобалық сыйымдылығынан асып кетуі, сыныптардың толып кетуі, ауысымдар арасындағы үзіліс уақытының, оқушылар үшін сабақтар арасындағы үзілістердің ұзақтығының сақталмауы, жарамдылық мерзімі өткен тамақ өнімдерін пайдалану мен сақтау, сыныптардағы температуралық режимнің бұзылуы, мектеп үй-жайларының (сыныптар, рекреациялар, баспалдақ ойықтары, санитарлық тораптар және т.б.) сәйкес келмеуінен көрініс тапқан көптеген бұзушылықтар санитарлық ережелерге, калориялығы бойынша дайын тағамдарға, жұмысқа рұқсаты бар медициналық кітапшалардың болмауына және т.б. анықталды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігі (халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша 22 адамға 4 596 540 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолданылып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Білім беру объектілерінде қабылданған шаралар нәтижесінде жоғарыда аталған кемшіліктер түзетілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін