Шымкенттік кәсіпкер 24 млн теңге субсидияны алаяқтықпен алған

Сурет: Zakon.kz
Шымкенттік кәсіпкер ауыл шаруашылығына бөлінген субсидияны алу үшін алаяқтық әрекетке барған.

Ол сүттің бағасын арзандату туралы өтінімге жалған ақпараттар енгізіп, мемлекеттің 12 млн теңгесін қалтаға басты.

Оның мұндай қулығын қалалық прокуратура әшкереледі. Кәсіпкер сауылған сиыр сүтін өңдейтін кәсіпорындарға өткізуге міндетті болған.

Алайда сүтті цехтарға жібермей, әр литріне мемлекеттен 20 теңге қолдау қаржыны алып келіпті.

Ол осы алаяқтық әрекеті үшін қазір сот алдында жауап беріп жатыр.

Жалпы осындай тәсілмен Шымкентте бірнеше фермер субсидия қаржыны негізсіз алып келген.

Олардан 24 миллион теңге өндірілді. Осы іске қатысты әкімдіктің 6 қызметкері тәртіптік жаза алды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін