Астана полицейлері көшеде қызды ұрып-соғу фактісін тексеріп жатыр

Сурет: pexels
Астанада тағы бір қызға жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрларда көліктің жанында яғни көшеде ер адам әйелдің шашынан сүйреп, басынан ұрып, тепкісі келетіні көрінеді. Сосын көлікке отырып кетіп қалады.

Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ер адамның азаматтық некедегі әйелі зорлық-зомбылықтың құрбаны болғаны белгілі болды.


"А.Ш бірге тұратын азаматтық некедегі әйеліне дене жарақатын келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Қажетті сараптамалар тағайындалды. "Қазір барлық мән-жайлар анықталуда", - деді полиция.

16 маусымда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңнамаға өзгерістер күшіне енген, сонымен қатар, ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру қылмыстары қарастырылғанын еске саламыз.Өзгерістерге сәйкес қылмыс құрамдары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне ауыстырылды.

17 маусым күні таңертең Атырау полицейлері азаматтық некедегі әйеліне кіре берісте шабуылдап, бірнеше жерден пышақтап сұққан ер адамды іздеп жатқаны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев