Илон Маск: Телефондардың орнына адамдар ми импланттарын пайдаланады

Сурет: X/Not Elon Musk
Американдық кәсіпкер Илон Маск болашақта адамдар телефондардың орнына, байланыс мақсатында ми импланттарын қолдатынын айтып, айды аспанға бірақ шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

X әлеуметтік желісінде бір қолданушы басқа адамдар жаңа телефонды ой күшімен басқаруға мүмкіндік беретін Neuralink интерфейсін орната ма деп сұрады. Илон Маск бұл жазбаға түсініктеме беріп, болашақта "телефондар болмайды, тек Neuralink болады" деп атап өтті.

Оның пікірінше, болашақта адамдарға мобильді құрылғылар қажет болмайды.

Бұрын Илон Масктың Neuralink компаниясының миға имплантацияланған алғашқы пациенті ойдың күшімен шахмат ойнау қабілетін көрсетті. Апаттан кейін сал ауруына шалдыққан 29 жастағы Нолан Арбо ноутбук экранында шахмат фигураларын жылжыта алатынын көрсетті.

Neuralink-имплантацияланатын нейрокомпьютерлік интерфейстерді әзірлеу және өндірумен айналысуды жоспарлап отырған Илон Маск негізін қалаған компания.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады