"Қоңырау шалу үшін телефонын сұраған". Тараз тұрғыны әріптесінің ақшасын өз шотына аударып алған

Сурет: Zakon.kz
Тараз тұрғыны әріптесінің телефонын қоңырау шалуға алып, ақшасын аударып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараз полиция басқармасының екінші полиция бөліміне әйел жүгініп, әріптесі қоңырау шалу үшін телефонын алдап сұрап алып, оның қаражатын өз шотына аударып алғанын айтып шағымданған.

Әйел телефонын қайтарып алған соң біршама уақыттан кейін сатып алу ақысын төлеу үшін банктің қосымшасына кіргенде жеке шотындағы 330 000 теңге жоқ боп кеткенін байқаған.

Әріптес азаматтың ақшаны өз атына аударғаны белгілі болды. Ұрлық дерегі бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Күдікті анықталып, қазіргі таңда қажетті тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр.

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады