Синоптиктер еліміздің кей өңірлеріндегі аптап ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты

Сурет: pexels
Синоптиктер Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қалай болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметтері бойынша, алдағы күндері Қазақстанның батысында бірнеше күн бойы сақталып тұрған аптап ыстықтың беті қайтады деп күтіледі, яғни 22 маусымда ауа температурасы мол жауын-шашынның есебінен бұрынғы климаттық қалыпқа оралады.

"Еліміздің солтүстігі мен орталығында жауын-шашын аздап тоқтап, одан кейін қайта екпін алады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кейбір аймақтарда бұршақ аралас жаңбыр жауады, қатты жел тұрады деп болжанады. Ал республикамыздың оңтүстігіндегі таулы аудандарда күндіз ыстық-суық ауаның жылдам алмасуынан әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады. Тек шығыс өңірлерде күн райы ашық болатыны болжанады", - деп атап өтті синоптиктер.

Алдағы күндері Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын мына арадан білуге болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Агроөнеркәсіптен бастап ЖИ-ге дейін: Қазақстан мен Қытай 15 миллиард долларлық қандай келісімдерге келді

"Сынап бағаны 47 градусқа дейін көтеріледі". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі тергелуде

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Білім беру гранттарының конкурсы: абитуринеттер қандай құжаттар тапсыру керек