Көлік министрлігі жүк көліктерінің автомобиль жолдарымен жүруіне неліктен шектеу қойылғанын түсіндірді

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров 2024 жылғы 20 маусымда Сенат аясында Қазақстанда жүк көліктері үшін қандай шектеулер енгізілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мақсат Қалиақпаров Қазақстанда жүк тасымалдау кезінде жүргізушілер ұстануға тиіс нормативтер бар екенін атап өтті.

"Нормативтер бар, яғни бұл бір оське 8 тонна. Айта кетейік, белгіленген 25-тің орнына 100 тоннадан астам жүк таситын самосвалдар бар. Осы ауыр жүк көліктерінің автомобиль жолдарында жүруіне байланыста, жол төсемдері бұзылып, сапасы нашарлайды. Енді бізге шығыны аз нұсқаны таңдау керек. Олардың рұқсат етілген норманың шегінде жүруіне тыйым салмаймыз. Ал, нормаға сай келмесе, автомобиль жолдарымен жүруіне болмайды. Түсініңіздер, олардың жүруі салдарынан біздің жолдарымыз қирап жатыр, ал оны қалпына келтіру 500 млрд теңгені құрайды", - деді ол.

Сондай-ақ рұқсат етілген нормаларды бұзғаны үшін айыппұлдар енгізу жоспарлануда.

"Айыппұлдар, әрине, болады. Олар норма шеңберінде қарастырылады. Қазір бұл норма әзірленуде. Әзірге мерзімін нақтыламадық. Біз, әрине, жыл соңына дейін аяқтауға тырысамыз",-деп түсіндірді вице-министр.

14 маусымда Қазақстанда автожолдар бойынша жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер қойылатынын хабарладық.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: