Дәрігерлер Ақтөбедегі зауытта болған төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Сурет: astanatv.kz
Ақтөбеде ферроқорытпа зауытында оқыс оқиға болып, бес адам зардап шекті. Олардың денесін күйік шалған. Зауытта кокс шаңын түсіру кезінде қалпына келтіргіштің шаңы қысқа мерзімге тұтанған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кәсіпорын медбикесі жедел жәрдем қызметін хабарласып, бес адамның күйіп қалғанын хабарлаған. 42 жастағы азаматтың беті және екі білегін термикалық күйік шалған. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді. Ал қалған төртеуінің қолдары күйген, қазір олар ауруханада ем алып жатыр, деп хабарлады Astana TV.

"Күйік шалған науқастар жеткізілді. Азф зауытынан сол жерде жарылыс болып жұмыс кезінде бесеуі келді. Біреуі қаралып амбулаториялық емге жіберілді, жарақаты аз болғандықтан. Қалған төртеуін травматология бөлімшесіне жатқыздық. Жағдайлары орташа ауырлықта, ем домдарын қабылдап жатыр. Өмірлеріне қауіп жоқ".Облыстық көпсалалы аурухананың травматолог дәрігері Нұрлан Әбішев
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады