Министр: Шегірткеден шығын келген жоқ

Сурет: pixabay
Айдарбек Сапаров шегіртке жайлаған өңірлерді өзі аралап, жағдайды қатаң бақылап отырғанын жеткізді. Оның сөзінше, зиянкестермен күреске препаратта та, қаражат та жеткілікті.

Ал былтыр бұл жәндіктер 1,5 млн гектар жерге тараған. Бірақ, оларды жоятын өнім уақытында алынбағандықтан 2,5 млн гектар жерге көбейіп кеткен.

Ауылшаруашылық министрі егер шаруаларға шегірткеден шығын келсе 5 пайыз жеңілдікпен субсидия беру мәселесі қарастырылғанын айтты, деп жазады qazaqstan.tv.

Жалпы, биыл зиянкестермен күреске 8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

"Шегірткеден келген шығын жоқ бүгінгі күнде. Жаңа ғана келген шегіртке бірақ біздікілер уақытында обработка жасап үлгердік. Бекітілген бюджетте 4,2 млрд теңге ғана болды. Премьер-министр қолдап, тағы да 3,9 берді. Сондықтан бүгінгі күні қаражатымыз жеткілікті. Препаратымыз жеткілікті." Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілі бизнестің, техниканың, ғылымның тіліне айналуда

Алиментті кім және не үшін төлеуі тиіс?

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды