Алматыда Ходжанов көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

Сурет: pixabay
2024 жылдың 27 маусымы мен 15 қыркүйегі аралығында Алматы қаласы Бостандық ауданында Ходжанов көшесінің бойымен "Алмагүл" шағынауданының 15-ші үйінен Жароков көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылады.

Екі бағытта да көлік қозғалысы жабылады

1976 жылы пайдалануға берілген жалпы ұзындығы 1240 метр болатын, аталған көше бөлігінің жол бөлігінің астынан өтетін құбырды жаңғырту учаскесінде жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіліп отыр.

Бұл құбыр 153 көппәтерлі тұрғын үйді, 7 жеке тұрғын үйді, 5 балабақшаны, 4 білім беру нысанын, 2 денсаулық сақтау нысанын және 15 басқа нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Жаңғырту жұмыстары кезеңінде аталған тұтынушылар ыстық сумен бұрынғысынша үздіксіз қамтамасыз ете берілетін болады.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және бұл аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруларыңызды сұраймыз. "Алматы жылу жүйесі" ЖШС

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды