Алматыда биыл мопедтердің қатысуымен болған жол апатынан 500 адам жарақат алған

Сурет: Zakon.kz
Алматыда полицейлердің заңды талабына бағынбаған мопед жүргізушілерінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Жыл басынан бері Алматыда мопедтер мен самокаттардың қатысуымен 463 жол-көлік оқиғасы болды, салдарынан 500 адам жарақат алды, 7 адам қаза тапты. 68 жағдайда екі дөңгелекті көлікті балалар жүргізген. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу мақсатында Алматы полициясының алдыңғы шептегі бөлімшелерінің қызметкерлері, ең алдымен, мопедтер мен самокаттардың жұмысына қатысты заң талаптарын түсіндіруге бағытталған ауқымды іс-шара өткізіп жатыр", - деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирінің міндетін атқарушы Михаил Кан.

Спикердің айтуынша, осы кезеңде түрлі құқық бұзушылықтар үшін 10 мыңнан астам мопед жүргізушілері мен 7 мыңнан астам самокат жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мамандандырылған айыппұл тұрағына 384 мопед қойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды