Атырау облысында қарақұрт қаптап барады

Сурет: astanatv.kz
Атырау облысында қарақұрт қаптады. Улы жәндік малды қойып, адамды шағып жатыр. Индер ауданы бойынша тоғыз адам зардап шеккен, оның екеуі - бала, бәрі аман, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал қарақұрт шаққан түйе мен жылқы сеспей қатып жатыр. 95 түйенің 17-сі, 15 жылқының алтауы өлген. Мамандар улы жәндік ошағы - Индер ауданының барлық округтеріндегі жайылым деп отыр.

Ал тұрғындар қарақұртты ауыл ішінде, аула-қора маңынан жиі көретінін айтады. Әкімдіктегілер "қарақұртты жоюға бюджеттен арнайы қаржы қарастырылмаған" дейді.

Айта кетейік, Индер ауданына көрші Махамбет ауданы тұрғындары да соңғы күндері улы жәндікті жиі көретінін айтып дабыл қағып отыр. 

"Мемлекеттен қарақұртқа қарсы ақша бөлінбейді, ақша қарастырылмаған. Ветмамандармен қарақұртқа қарсы крови дейді, қара май ғой, өңдеу жұмыстарын шаруагерлердің сұранысы бойынша жасауда. Қой қарақұртты былай айтқанда, қазақша айтқанда, қуып жүріп жейді екен, мамандардың айтуы бойынша. Қойдың басының азаюынан да болуы мүмкін деп болжам айтып отыр қазір мамандар". Индер ауданы әкімінің орынбасары Әсет Оразғалиев
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды