Түркістанда қыш күйдірген көне пештер табылды

Сурет: pixabay
Түркістан облысындағы Қарашық өзені маңынан қыш күйдірген көне пештердің орны табылды. Құнды жәдігерді қазба жұмыстары кезінде жергілікті археологтар тауып алған.

Ежелгі пештердің іргесі бұзылмай сақталған. Ғалымдар енді Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің кірпіші осы пеште құйылған болуы мүмкін деген болжам айтып отыр.

Ал табылған жәдігерлер зертханаға жіберілді. Археологтардың айтуынша, бұл жерде өз заманында қыш құятын, күйдіретін орын болған, деп жазады qazaqstan.tv.

Қыш өндірісі бұл өңірде бұрыннан дамыған. Сондықтан тарих жанашырлары көне пештердің орнын қазып, оны қорғап, туристік және тарихи жерге айналдыру керек деген пікірде.

Ал қай ғасырға тиесілі екенін қазір ғалымдар анықтап жатыр.

"Міне, дәл осындай пеш Қазақстанда бірінші рет ашылып отыр. Мұндай пеш жоқ. Сондықтан мүмкіндік болса мұндай пешті сақтап қойсақ Түркістанға ең жақын тұрған обьект. Туристер ағылатын жер. Жолдың үстінде тұр." Мадияр Елеуов, профессор, археолог
Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

Тибетте қатты жер сілкінісі болды