Қазақстанда 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап өндірілген дәрі-дәрмектерге міндетті таңбалау енгізілді

Сурет: pixabay
Үкімет 2024 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне тиісті өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz

Атап айтқанда, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап өндірілген, дозаланған дәрілік нысандар түрінде (трансдермалдық жүйелер нысанындағы дәрілік заттарды қоса алғанда) немесе бөлшек саудаға арналған нысандарға немесе қаптамаларға өлшеп оралған дәрілік заттарға қатысты, қолданылатын дәрілік заттар мен вакциналарды қоспағанда, міндетті таңбалау енгізілетіні анықталды.

Енді әрбір дәрінің қаптамасында цифрлық код болады. Сканерлеу арқылы өнімнің түпнұсқалығын және оның жарамдылық мерзімін тексеруге болады.

Қаулы 2024 жылдың 3 шілдесінен бастап қолданысқа енгізілді және 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады

Қарашада үш жұлдыз белгісінің өмірі түбегейлі өзгеруі мүмкін

Алматыда Меладзе концертіндегі жанжалға қатысқан әйелдер жазаланды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

"Қазгидромет" Алматы мен тағы бір қала тұрғындарына ескерту жасады