Әйелдер мен балаларды қорғау жөніндегі "111" байланыс орталығы қалай жұмыс істейді

Цифрлық даму министрі 2024 жылғы 28 маусымдағы бұйрықпен "111" байланыс орталығының отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау және оның орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі қызметінің қағидаларын бекітті.

Байланыс орталығының "111" телефон нөмірі тегін, тәулік бойы жұмыс істейді.

"111" байланыс орталығының негізгі міндеттері:

"111" байланыс орталығы қызметінің қағидаттары:

"111" байланыс орталығы:

Сондай-ақ, қағидаларда байланыс орталығының орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі белгіленген.

"111" байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет етуіне қатысушылар:

"111" байланыс орталығы орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мынадай бағыттар бойынша өзара әрекет етеді:

"111" байланыс орталығының орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет етуі әкімшілік рәсімдер туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

"111" байланыс орталығы өтініш берушінің мәселесін шешу үшін орталық мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға ауызша не жазбаша сұрау жібереді. Сұранымда өтініштің тақырыбына тікелей қатысты мәліметтер мен фактілер ғана көрсетіледі. Өтінішке қатысы жоқ мәліметтерді сұратуға жол берілмейді. "111" байланыс орталығының қызметкерлері алынған ақпаратты өтініш мәселесін тиімді шешу мақсатында ғана пайдаланады. Алынған ақпаратты өзге мақсаттарда пайдалануға жол берілмейді.

Бұйрық 2024 жылғы 14 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: