Алматы облысының полицейлері ірі қарасора плантациясын жойды

Сурет: Zakon.kz
"Қарасора" жедел-профилатикалық іс-шара шеңберінде облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері Іле ауданының аумағында көп мөлшерде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер өсіп тұрған алаңды анықтады.

Учаскеге құрамында есірткі заттары бар өсімдіктердің арнайы егілгендігі анықталды.

Жүргізілген сараптама нәтижесінде 7 830 түп өсімдік бұтасының құрамында есірткі бар екені дәлелденді. Ол жалпы салмағы 12 тонна 700 кг каннабис болып шықты.

Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өсімдіктерді жою үшін арнайы техника пайдаланылып, комиссиялық түрде жойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды