8 шілдеде сағат 18:20-дан бастап Алматы қаласында жел күшейіп, жаңбыр жауа бастады, ол үзілістермен күні бойы жауды. Тәулігіне таңғы сағат 9 - дағы жағдай бойынша қалада 12 мм, Медеуде – 14 мм жауын-шашын түсті.
Жаңбыр басталғанға дейін бір тәулік ішінде 92 арнайы техника және 326 жұмысшының күшімен арық желілерінің проблемалық учаскелерін, арық өткелдерін және кездейсоқ қоқысқа арналған жерлерді тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. 360 м3 қоқыс сыртқа шығарылды.
Сонымен қатар, 2 мыңнан астам қап құм дайындалды. Түнгі кезеңде 8-9 шілде аралығында арықтардан 230 м3 құлаған бұтақтар мен қоқыс шығарылды.
Жауын-шашын кезінде жедел мобильді бригадалардың саны 52-ге дейін өсті (әдетте 36-40), су тасқынының алдын алу және проблемалы жерлерде судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін мотопомпалармен багрлермен және басқа да шанц құралдарымен жабдықталған.
ТЖ жөніндегі жедел кезекшінің деректері бойынша 8 шілдеде кешкі кезеңде 6 су тасқыны тіркелді, олар жойылды.
Су тасқынының негізгі себебі қатты жел кезінде құлаған бұтақтардың арық желілері мен арық өткелдерін бітеуі, сондай-ақ тұрғындар көгалдар мен тротуарларға тастайтын кездейсоқ қоқыстар.
Барлығы 436 арнайы техника, 28 мотопомпалар және 780 жол жұмысшылары жұмылдырылды.
Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
"Қазгидромет" РМК болжамы бойынша бүгін күндіз аздаған жаңбыр, найзағай болады. Температура +28... + 30 градус.
Су басып қалуды болджырмау үшін арықтарды, каналдар мен нөсер ағындарын қоқыспен бітемеуді сұраймыз.
Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша "қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.