Ірі мұнай компаниясы қазақстандықтарға 208 мың көлемінде өтемақы "төлейді"

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазнетте "ҚазМұнайГаз" қазақстандықтарға 208 мың теңге көлімінде өтемақы төлей бастағаны туралы жалған ақпарат тарауда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Stopfake.kz зерттеуінше, төлемді алу үшін күмәнді сілтеме бойынша өтіп, жеке деректерді жазу керек.

"ҚазМұнайГаз" қазақстандықтарды Интернет желісінде сақ болуға және алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге шақырады.

Сурет: Stopfake.kz

"Төлем жарнамасы – фейк. Ұсынылған инвестициялық мүмкіндіктердің немесе басқа ұсыныстардың дұрыстығына сенімді болу үшін әрқашан ресми сайт және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттар сияқты ақпарат көздерін тексеру маңызды. "ҚазМұнайГаз" kmg.kz бір ғана ресми сайты бар екенін ресми түрде мәлімдейді. "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясының атынан әрекет ететін барлық басқа сайттар алаяқтық болып табылады", – деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Мемлекеттік техникалық қызмет (МТҚ) танымал Hamster Kombat ойынында алаяқтық әрекеттер дерегінің көбейгенін ескертті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

"Тұман, үсік, көктайғақ". Сейсенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды