Ертең ЖОО-ларға құжат қабылдау басталады. Онлайн өтінім беруде проблемалар анықталған жағдайда не істеу керек

Сурет: unsplash
Мемлекеттік білім беру грантын беру жөніндегі конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 13-24 шілде аралығында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Конкурсқа қатысу үшін өтінішті жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары арқылы, сондай-ақ, онлайн режимінде "Электрондық үкімет" порталы арқылы беруге болады". ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Министрлік мәліметінше, 2023-2024 оқу жылына жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін барлығы 78219 грант бөлінді, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударатын ауыл жастары қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға 3903 грант бөлінді.

Сондай-ақ, халқы тығыз орналасқан, батыс және жаңадан құрылған өңірлерден жастарды оқыту үшін 5000 нысаналы грант бөлінді, оның ішінде:

Олар мынадай бағыттарды қамтиды:

  1. педагогикалық ғылымдар,
  2. математика және статистика,
  3. жаратылыстану ғылымдары,
  4. ақпараттық-коммуникациялық технологиялар,
  5. инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары.
"Шалғай өңірлерден келген талапкерлерге ыңғайлы болу үшін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейтін болады, олар бейнебайланыс арқылы консультация береді және конкурсқа құжаттарды тапсыруға көмектеседі. Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін ең төменгі ұпайлар мына сілтеме бойынша қолжетімді", делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік электрондық үкімет порталында құжаттарды тапсыру кезінде пайдаланушылардың бір мезгілде жүгінуіне байланысты техникалық іркілістер байқалуы мүмкін екенін ескертеді.


"Онлайн өтінім беруде проблемалар анықталған жағдайда, 1414 Бірыңғай байланыс орталығына, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетіне мына телефондар арқылы хабарласа аласыз: 8 (7172) 741670, 8 (7172) 742525, Жоғары білім берудің бірыңғай платформасын техникалық қолдау орталығы 8 (7172) 47-25-25, ішкі 702, 504 және "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК call-орталығы - 8 (7172) 695069".

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды