Саябақтың Instagram парақшасында таңғажайып гүлдің бейнесі жарияланған.
Сондай-ақ, Боссерт гүл жайлы қызықты деректермен де бөлісті. Мысалы, ақ тұңғиық (Nymphaea alba) суды таза ұстауға көмектеседі және көптеген су организмдеріне пана болады.
Сонымен қатар, ақ тұңғиық таңертең ерте ашылып, кешке жабылады. Осылайша, таң шапақтап атқанға дейін су астында жасырынады.
"Бұл өсімдік заңмен қорғауға алынғанын және біздің қамқорымызға мұқтаж екенін есте ұстаған жөн"- деп атап өтті Юлия Боссерт.
Ақ тұңғиық - көпжылдық су өсімдігі. Тамыр-сабағы су астындағы топыраққа төселіп, дөңгелек, жүрек тәрізді жапырақтары су бетіне жайылып өседі. Тұқымы ауа толған жеміс қабында тұрады. Онда көзге көрінбейтін саңылаулар бар. Сол арқылы ауа сыртқа тарап, желдің әсерінен тұқым су түбіне түседі. Ал келесі жылы жаңа өсімдік өсіп шығады. Тамыры мен тұқымын су құстары, ондатр, кәмшат, жұпартышқан қорек етеді. Ақ тұңғиықты бау-бақша, саябақтарды көгалдандыру үшін де өсіреді. Егер су температурасы құрлықтағыдан төмен болса, олар өзен бойындағы құрғақ жерлерде де өсе береді.
Мысырда ежелден ақ тұңғиық гүліне табынған. Себебі оның әр гүлінен күн сайын күн Құдайы - Ра туады деп сенген.