Шымкентте тапа-тал түсте бірнеше скутер ұрлаған үш түркістандық ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Шымкентте тапа-тал түсте скутерлер ұрлаған үш түркістандық азамат ұсталды Полиция скутерлерді иелеріне қайтарды.

Ұрлық туралы арыздар Тұран ауданының полиция басқармасына түсті.

Арызданушылардың айтуынша, скутерлер көпқабатты үйлердің ауласында тұрған.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларына дереу кірісті.

Бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы күдіктілерді анықтап, қозғалыс бағытын бақылады.

Олар Түркістанда қолға түсті.

Ұсталғандардың айтуынша, бөтеннің скутерлерін үйге қайту үшін айдап кеткен.

Полицейлер мотокөліктерді тәркілеп, заңды иелеріне қайтарды.

Ұрлық жайттары бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

3 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды

Дәурен Мұратбеков Жоғары Сот Кеңесіндегі қызметінен босатылды

Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын енді жаңа тәртіппен басқара алады