Тоқаев қазақстандық металлургтерді марапаттады

Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы 2024 жылғы 19 шілдесінде Ақорда ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Металлург күні қарсаңында отандық металлургия саласындағы жемісті еңбегі, еліміздің өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін жүздеген жұмысшы мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, 22 жұмысшы "Құрмет" орденінің кавалері атанды, 41 өнеркәсіп қызметкері ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденінің, 51 адам "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері болды. Сонымен қатар 7 маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасын иеленді.

Қазақстандағы Металлургтер күні 2003 жылы белгіленді. Мереке шілде айының әрбір үшінші жексенбісінде тойланады.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды