Қызылордада азаматтарды 13 млн теңгеге алдаған алаяқ сотталды

Сурет: Zakon.kz
Қызылорда тұрғыны облыстың алты тұрғынының сеніміне кіріп, ақшасын заңсыз иемденген.

Кейбір жәбірленушілерді "жұмысқа орналастырып беремін" деп алдаса, кейбірінің жеке деректерін пайдалана отырып, 4 млн теңгеден астам сомаға несие рәсімдеген.

Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын шамамен – 13 млн теңге.

Тергеу барысында күдікті азаматша жасаған алаяқтық іс-әрекеттері толығымен өз дәлелін тауып, оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен (Алаяқтық) сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.

№ 2 Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде сотталушыға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы