Жайыққа батып кеткен тағы бір баланың денесі судан шығарылды

Сурет: Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті
22 шілдеде сағат 07:50 шамасында суға батып кеткен 2010 жылы туған жасөспірімнің c2q3bn оқиға орнынан 5 км қашықтықта су бетіне шығып, құтқарушылардың күшімен судан шығаралды, деп хабарлайды Zakon.kz AtyrauPress-ке сілтеме жасап.

20 шілдеде Көкарна шағын ауданы тұсында Жайық өзенінде 2010 және 2011 жылы туған ағалы-інілі екі жасөспірім жабдықталмаған жерде шомылу кезінде суға батып кетті. 

2011 жылы туған жасөспірімнің денесін ТЖД құтқарушылары сол күні сағат 19.30-да 4,5 метр тереңдіктен шығарды.


"Іздестіру жұмыстарына ТЖД 15 жеке құрамы, 5 жүзу құралы жұмылдырылды. Қайғылы оқиғалардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Атырау облысының аумағында шомылу маусымы биыл әлі ресми түрде ашылмағанын хабарлаймыз. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылу қауіпті, соңы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Облыстың тұрғындары мен қонақтарын сақтық шараларын сақтауға және суға шомылудан бас тартуға шақырамыз", - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Алматы метросында колледж студентінен үш оқ табылды

Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келді

Мәжіліс депутаттары су басқан өңірлерге барып, көмек көрсетуде