Алматы облысының әкімдігі кәсіпкер құқығына нұқсан келтірген

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының әкімдігі 15 млрд теңгеге жолды күрделі жөндеу бойынша конкурста жеңімпаздың болуына қарамастан, сатып алудан заңсыз бас тартып, жаңа жеңімпазды анықтау үшін конкурс жариялады, бұл кәсіпкердің құқықтарына нұқсан келтірді.

Қадағалау актісімен конкурс тоқтатылды және әкімдікке конкурс жеңімпазымен шарт жасасу ұсынылды.

Осындай шешімді сот кәсіпкердің талабы бойынша қабылдады.

Алайда әкімдік сот шешімі мен прокуратураның қадағалау шараларына қарсы конкурс жариялады.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны және прокурордың ұсынуы бойынша шаралар қолданбағаны үшін облыс әкімдігінің екі басқарма басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 173 және 664-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды мемлекеттік аппараттың басым бағыттарының бірі деп атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді