Жыл басынан бері 6 млн жуық жол ережесін бұзу жағдайы тіркелді

Сурет: Zakon.kz
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев жолдағы тәртіптің төмендігін атап өтті. Заң бұзушылықтардың жыл сайын өсуі жүргізушілер тәртібінің жақсармағанын, тіпті кейбіреулері жол ережелерін жүйелі түрде бұзып, өрескел бұзушылар екенін көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның мәліметінше, жыл басынан бері полиция 6 млн жуық жол ережесін бұзушылықты анықтады, оның ішінде 238 мың жаяу жүргіншіге айыппұл салынды.

12 мыңнан астам жүргізуші мас күйінде ұсталды, қарсы жолаққа шығудың 5 мың дерегі анықталды, сотпен 14 мыңға жуық жүргізуші басқару құқығынан айырылды, 12 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды.

"Жыл басынан бері мас жүргізушілердің кінәсінен 178 жол апаты орын алып, онда 26 адам қаза тауып, 234 адам жарақат алды", - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз