Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с құрайды. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде аптап ыстық болады: +35 °C. Облыстың солтүстік-батысында, батысында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. Қарағандыда түнде найзағай ойнайды.
Қонаевта күндіз аптап ыстық болады: +41 °C. Түнде Алматы облысының солтүстігінде, күндіз таулы аудандарында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық болады: +35...+38°C. Алматыда да күндіз қатты ыстық болады: +36...+38 °C.
Атырау облысының оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда оңтүстік-батыстан соққан желдің күндіз екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с дейін жетеді.
Павлодар облысының солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыс орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз аптап ыстық болады: +36°C. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Өскеменде күндіз қатты ыстық болады: +35 °C.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады деп болжанады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз аптап ыстық болады: +35...+38 °C. Облыстың оңтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары. Семейде күндіз қатты ыстық болады: +35 °C.
Күндіз Түркістан облысының таулы асуларында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде аптап ыстық болады: +41°C.
Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Күндіз өңір орталығында, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда таңертең және түстен кейін найзағай болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда аракідік найзағай жарқылдайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде де жел болады. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары. Ақтөбеде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында аптап ыстық болады: +38...+40 °C. Облыс бойынша өрт қаупі жоғары болады. Таразда да өрт қаупі жоғары.
Күндіз Жетісу облысының басым бөлігінде қатты ыстық болады: +35...+39 °C. Талдықорғанда күндіз қатты ыстық болады: +37...+39 °C.