Атап айтқанда, автомектептерге қойылатын талаптардың төмендеуі жүргізушілерді даярлау сапасына және көлік жүргізу мәдениетіне теріс әсерін тигізетіні атап өтілді. Бұл ретте Қазір оқу орталықтарын ашу үшін лицензиялар мен рұқсаттар талап етілмейді. Олардың көпшілігінде қажетті материалдық база жоқ. Бүгінгі таңда сапасыз даярлағаны үшін әкімшілік жауапкершілік алынып тасталған. Оқу процесі көбінесе формальды түрде өтеді.
Ішкі істер министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық автомектептерді есепке алу, халықаралық тәжірибені талдап, қажет болған жағдайда жүргізушілерді даярлау және жүргізуші куәліктерін алу тәсілдерін қайта қарау тапсырылды.
Олжас Бектенов автокөліктің техникалық жай-күйі жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін баса айтты. Жыл сайын еліміздегі автопарк өсіп келеді. Ал, автокөліктерді техникалық тексеру сапасыз жүргізіледі. Техникалық қызмет көрсету орталықтары бас пайдасын ғана ойлап, жұмыс істейді.
"Жол үстіндегі қауіпсіздік және адамдардың өмірін сақтау мәселесі жекелеген тұлғалардың мүддесінен биік тұруға тиіс. Көлік министрлігіне көлік құралдарына техникалық тексеру жүргізу сапасын тиімді бақылау тетігін әзірлеуді тапсырамын", — деп атап өтті Премьер-Министр.
Бұл ретте Олжас Бектенов Үкіметтің, жауапты министрліктердің және барлық уәкілетті мемлекеттік органдардың басты міндеті – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаты мен өлім-жітімді азайту екенін атап өтті. Ол үшін Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша жүйелі іс-шаралар әзірленетін болады.
Бүгінгі күні Қазақстан бойынша жалпы 950 техникалық байқау операторлары жұмыс істейді. Осы жылдың 6 айында 1 млн 800 мың көлік құралдары техникалық байқаудан өткен, ал 23 мыңнан астамы техникалық жарамсыз болып танылған.
Техникалық байқау жұмыстарын жүргізу фактілерін болдырмау мақсатында Заң жобасы әзірленді, онда техникалық байқау операторларын тиісті рұқсат қағаздарынан айыру және айыппұл мөлшерін 10 АЕК-тен 100АЕК-ке дейін ұлғайту қарастырылған.