Жауапты мамандардың сөзінше, жаңа жоба жүргізушілердің жайлылығы мен инфрақұрылымды жақсарту үшін жасалған. Ал дүниежүзілік тәжірибеде кездесетін жол таңбалары жыл соңына дейін қаладағы автотұрақтардың барлығына салынады, деп жазады Almaty.tv.
Қала тұрғыны Медеу Асхатұлы көк сызығы бар автотұрақты алғашқылардың бірі болып пайдаланған. Ұялы телефонына арнайы бағдарламаны енгізіп, QR код арқылы тұрақтың қаржысын да лезде төлейтінін айтып, жобаның тиімділігіне тоқталды.
"Кез келген жерге көлігімді қоя беретінмін. Ақылы автотұраққа көлігімді қойдым. Ыңғайлы", – деді қала тұрғыны Медеу Асхатұлы.
Ақылы автотұрақтар алғашында ешқандай белгісіз іске қосылған. "Алматы паркинг" қызметкерлері автотұрақтарды көк түспен белгілеуге көшкен. Мамандардың сөзінше, арнайы тақтайшалар байқалмай қалуы мүмкін, ал көк таңба бірден көзге түседі.
"Дүниежүзілік тәжірибеде бар, елімізде жобаны Астанада пайдаланды. Алматыда да ақылы автоұрақты айқындайтын көк сызық белгілеп жатырмыз. Тиімділігі, адамды айыппұлдан сақтайды", – деді "Алматы паркинг" КМК директорының орынбасары Талант Тайнов.
Тың жоба Қабанбай батыр көшесінде де жүзеге асырылып жатыр. Ал жыл соңына дейін ақылы автотұрақтардың барлығына көк жолақ сызылады.
Еске салайық, түскен қаржы қаланы көгалдандыруға, инфрақұрылымды жақсартуға жұмсалады