Абай облысының полицейлері 17 жыл халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады

Сурет: polisia.kz
Абай облысының полицейлері халықаралық іздеуде жүрген қылмыскерлерді Ресей Федерациясында ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санкт-Петербургте аса ірі алаяқтық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының азаматы ұсталды. Ер адам 2021 жылдан бастап алаяқтық фактісі бойынша халықаралық іздеуде болған.

Сонымен қатар Ресей Федерациясының аумағында 62 жастағы күдікті есірткіні заңсыз ірі көлемде сақтағаны үшін ұсталды. Бұл адам 17 жыл бойы іздеуде болған.

Жас баланы зорлады деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген тағы бір қылмыскер Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында ұсталды. Жыныстық зорлық-зомбылық оқиғасы 2023 жылдың наурыз айында облыс аудандарының бірінде болған.

Сондай-ақ тағы бір күдіктіні полицейлер Ресей Федерациясының Алтай өлкесінде ұстады, оның есебінде алаяқтықтың 10-нан астам эпизоды бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз