Ақтөбе облысында малдың улануы расталды: шөпте алкалоидтардың жоғары құрамы анықталды

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті шілде айының басында малдың қырылуы тіркелген "Санжар-Т" шаруа қожалығындағыы жағдай туралы хабарлады.

Бүгін, 1 тамызда, зертханалық зерттеулер шөпте алкалоидтардың жоғары құрамының бар екенін растап, малдың улану себебін анықтады.

"Ерекше қауіпті ауруларға жүргізілген зерттеулердің нәтижелері теріс болып, жануарлардың өлімінің инфекциялық себептерін жоққа шығарады. Алдағы шығындардың алдын алу үшін шаруа қожалығының басшысы ветеринариялық қызметпен бірлесе отырып, барлық қажетті эпизоотияға қарсы шараларды қабылдады". Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

Белгіленген жоспарға сәйкес вакцинация және диагностикалық іс-шаралар жүргізілді.

Ірі қара малдың жағдайын бақылау күн сайын жүзеге асырылып, эпизоотиялық жағдай мамандардың бақылауында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – онлайн-трансляция

Мәні де, мазмұны да айрықша – Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялады

Қарағандыда жол апатынан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды

"Түнде қар, күндіз жаңбыр жауады". Еліміз бойынша 28 қазанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі