Астанада бірнеше даңғыл мен көшеде көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы шектеледі

Сурет: gov.kz
Астанада 7-10 тамыз аралығында бірнеше даңғыл мен көшеде көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Мемлекеттік күзет қызметі мәлімдеді.


"Қоғамдық-саяси шараларды өткізуге байланысты 7 және 10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелерінде, негізінен "Есіл" (Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала даңғ., Достық, Керей-Жәнібек хандары к-рі.), "Нұра" (Тұран, Ұлы Дала даңғ.) және "Алматы" (Тәуелсіздік даңғ., Ж.Нәжімеденов, Қ.Аманжолов к-рі.) аудандарында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі", - делінген хабарламада.

Дайындық аясында 3 тамызда бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді.

Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай ақ ҚР Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді.

"Осыған байланысты, астананың тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті қамтамас ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды өтінеміз".Мемлекеттік күзет қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады