Алматыда жастар күніне орай қандай іс-шаралар өтеді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Халықаралық жастар күніне орай қаламызда және комьюнити орталықтардың базасында 60-тан астам арнайы шаралар өткізу жоспарланған.

Алматы – жастар қаласы, мұнда 14 пен 35 жас аралығындағы 695,6 мың жас тұрады.

Осы ретте, ағымдағы жылдың 3 тамызы мен 12 тамыз аралығында 10 бағыт бойынша ("Taza Qazaqstan", "Jas kelse. Iske!", "Densaulyk – zor bailyk", "Gylym tappai maqtanba", "Meyirimdilik mekeni", "Adal Azamat", "Enbek barin de jenbek", "Ystyq qairat. Nurly aqyl. Jyly jurek", "Qorgan-24", "Jasratmen birge") жастардың шығармашылық әлеуетін асыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылады.


"1999 жылдан бастап бүкіл әлемде 12 тамызда Халықаралық Жастар күні атап өтіледі. Бұл жастарға, олардың жетістіктері мен әлеуетіне арналған ерекше күн. Біз қарқынды өзгерістер мен жаһандық сын-қатерлер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Жастар батылдық пен шығармашылықтың үлгісін көрсете отырып, осы процестердің алдыңғы қатарында. Біздің міндетіміз – сапалы білім алуға, денсаулық сақтауға және жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, олардың дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау", — деді Алматы қаласы жастар саясаты басқармасының басшысы міндетін атқарушы Азиз Кажденбек.

12 тамыз — Халықаралық Жастар күні күні қала кәсіпкерлерімен бірлесіп, 14-35 жас аралығындағы жастарға арналған "Jas Almaty" ауқымды акциясын өткізу жоспарланған. Іс-шара аясында қоғамдық тамақтану мен пайдалы демалыс саласында жеңілдіктер жасалады.

Іс-шаралар туралы қосымша ақпаратты jas.almaty және комьюнити-орталықтардың инстаграм парақшаларынан көре аласыздар.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды