Қуаныштың көз жасы: грант жеңіп алған қазақстандық балалардың реакциясы

Сурет: pexels
Бүгін, 2024 жылғы 3 тамызда Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік грант конкурсының қорытындысын жариялады. Кейінірек ведомство болашақ студенттердің және олардың жақсы жаңалықты естігеннен кейінгі реакциясы көрсетілген видеоны жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік талапкерлерді жетістігімен құттықтады.

"Грант иегерлерін құттықтаймыз! Қуаныштың көз жасы: біздің балалардың мемлекеттік грантқа реакциялары", - делінген видеоның жазбасында.

"Қуаныштан жылап отырмын. Жаңа бізге жақсы жаңалық жетті. Менің балам Дәулет Серікбаев атындағы университетке түсті. Ең бірінші хатшыларға рақмет айтқым келеді. Біз барғанда бәрін айтып түсіндіріп, "Қандай сертификатпен қандай мамандыққа түсуге болады?", "Қандай грант болады?", "Қандай квоталар бар?" - бәрін-бәрін түсіндіріп берді. Көп-көп рақмет! Енді балам жақсы оқиды деп ойлаймын. Осы университетке түссем деп, армандап жүрген. Арманына жетті. Осылай әке-шешелер балаларының арқасында қуанып, жақсы жаңалықтарын естіп, қуанып жүре берейік", - дейді ата-ана.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады