Атырауда полиция есірткі өсірген және сақтаған күдіктілерді анықтады

Сурет: polisia.kz
Атырау облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы кезінде Атырауда қарасора өсірген және кептірілген марихуана сақтаған 54 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тінту кезінде тұрғылықты мекенжайынан 3 келіге жуық қарасора және кептірілген марихуанна тәркіленді.

Сондай-ақ өзінің тұрғын үйінің ауласында 117 түп қарасора өсімдігін еккен 74 жастағы тұрғын анықталып, ұсталды. Айғақ заттар тәркіленді.

Қазіргі таңда екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.


Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз