ІІМ көлік әйнектерін қараңғылауға қатысты талаптарды түсіндірді

Сурет: polisia.kz
Ішкі істер министрлігі бүгін, 6 тамызда көлік әйнектерін қараңғылау бойынша талаптарды түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, жолда жүру қағидаларына сәйкес көлік құралдары Техникалық регламенттердің талаптарына сай болуы керек.

"Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінде алдыңғы көру аумағына қойылатын талаптар белгіленген.

Бірінші. Жүргізуші орнынан көруді шектейтін қосымша жабындардың болуына жол берілмейді. Оларға барлық пленкалар, перделер, жапсырмалар жатады. Бұл талап тек алдыңғы әйнекке және алдыңғы бүйір әйнектерге қатысты.

Екінші. Әйнектерді қараңғылауға және бояуға тек оларды дайындаған кезде ғана рұқсат етіледі. Себебі шыны жасайтын кәсіпорын оның жарық өткізгіштігін тексереді, ол кем дегенде 70% болуы керек және олар әйнекке сертификат береді. Осылайша алдыңғы және алдыңғы бүйір әйнектерді қараңғылау тек өндірісте дайындалады.

"Автокөлік жиналғаннан кейін пленкалар жабыстыруға болмайды. Бұл қағидалар жол қауіпсіздігін және жүргізушілер үшін көру аумағын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған", - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Сәрсенбіде қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қазақстан волейбол құрамасы AVC Ұлттар кубогына қатысады

"Семей орманы" аумағында бір тәулікте 14 орман өрті шықты: оқиға орнынан видео жарияланды