Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері жаңа қызметке тағайындалды

Сурет: instagram.com/islam_bairamukov_97
Ислам Байрамуков спорт омбудсмені - Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ислам Байрамуков 1971 жылы 12 маусымда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Каменка ауылында дүниеге келген.

Еркін күрестен Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. Екі дүркін Азия кубогының иегері. 2000 жылы Азия чемпионы, еркі мәрте Шығыс Азия ойындарының чемпионы, бірнеше дүркін ел чемпионы атанған.

1989-1993 жылдары Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтында, 2001-2003 жылдары Қазақ ұлттық университетінде, 2003-2005 жылдары Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік-гуманитарлық университетінде оқыған. 2004 жылы спортты қойып, педагогикалық салаға ауысады.

Қоғамдық қызметі: 

2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында. ҚР қарашай және балқар қауымдастығы төрағасының орынбасары. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Жастар қанатының төрағасы.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2000 жылы "Парасат" орденімен марапатталған, "ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл" медалінің иегері.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев