Өрттің алдын алу және экологияға қамқорлық: Тараз қаласында алғашқы "Эко LIFE" фестивалі бастау алды

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі
Дала өрттерінің пайда болудың негізгі себебі – қураған шөптердің тұтануынан болады. Мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша облыс жастары бастама көтеріп, республикалық "Таза Қазақстан" акциясы аясында алғашқы "Эко LIFE" фестивалін бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, Тараз қаласының "Көктем" алқабында өткен фестивальге қатысқан 300-ден астам жастар арнайы тазалық жұмыстарын жүргізіп, қураған шөптерді орып, алқапты қоқыстардан тазартты.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

"Біздің мақсатымыз аталған фестиваль аясында қоқыс басқан алқаптарда немесе қураған шөп басқан елді мекендерде өрттің алдын алу және жастарға тазалық басты құндылық екенін түсіндіру және оны кеңінен насихаттау. "Бұл менің қоқысым емес, бірақ менің жерім" атты сөздің мән мағынасын кеңінен ашып, жастардың өз еліне-өз жеріне деген махаббатын артыру" — дейді үздік волонтер Е.Мелдебек.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Айта кету керек, аталған акция барысында барлық ауданның жастары белгіленген орындарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, эстафетаны келесі ауданға береді. Осылайша эстафета түріндегі экологиялық акция апта сайын әр ауданда өтетін болады.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Сурет: Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметі

Шара соңында 2022-2023 жылғы халықаралық үздік волонтер А.Нәмелбек және Тараз қаласының жастары эстафетаны Жамбыл ауданының жастарына жолдады.

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті