Алматыда ірі бизнес-орталықтың қабаты сот шешімімен сүрілуде

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласының Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, Мұратбаев көшесі, 63 мекенжайында орналасқан Parasat бизнес-орталығының үшінші қабаты мен мансардалық қабаты заңсыз салынған.

Бұған дейін "Parasat Samex Co LTD" ЖШС иесіне жоспардан тыс тексеру жүргізу барысында ҚР ӘҚБтК 316-бабының 1-бөлігі және 321-бабы бойынша шара қабылданып, үшінші қабат пен мансарданы бұзу туралы бұйрық берілген. Алайда меншік иесі бұл талаптарды орындамағандықтан, материалдар сотқа жіберілді.

2023 жылғы 24 қазанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен басқарманың бұйрықты мәжбүрлі түрде орындау туралы талап-арызы қанағаттандырылды.

Меншік иесі құрылымды әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен өз бетінше бұза бастады.

Еске салайық, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың заңсыз құрылысқа бақылауды күшейту тапсырмасы аясында өткен жылдың басынан бері "Мечта", KHAN, "Алма Гарден" тұрғын үй кешендері және басқа да 44 заңсыз нысан толығымен немесе ішінара сүрілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы, Астана, Шымкент: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Электросамокат жүргізушілеріне қойылатын жаңа талаптар: қазақстандықтар нені білуі керек

Үкімет Еңбек министрлігіне жаңа міндеттер жүктеді

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды