Абай облысында полицейлер ауыл тұрғынынан гашиш тәркіледі

Сурет: polisia.kz
Абай облысында полицейлер ауыл тұрғынынан гашиш тәркіледі. Ол енді жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шұғыл тінту барысында үйдің ауласындағы сарайдан ерекше иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес заты бар екі полимерлі пакет табылып, тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысы бойынша жалпы салмағы 731.70 грамм болатын гашиш екені анықталды.

Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Ауыл тұрғынын есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау қылмысы үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза күтіп тұр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев

ҚР Атом энергиясы Агенттігінің атомдық қадағалау және бақылау комитеті туралы ереже бекітілді

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді