Такси жүргізушілеріне қалааралық тасымалдауға тыйым салынады ма

Сурет: Zakon.kz
Көлік министрі Марат Қарабаев 20 тамызда Үкіметте өткен брифингте көпшіліктің наразылығын тудырған "Яндекс.Такси" мен InDrive жүргізушілеріне қашықтыққа байланысты шектеу туралы мәселеге жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарабаевтың айтуынша, такси жүргізушілеріне тыйым салу министрлік тарапынан ұсыныс немесе жүргізіліп жатқан түзету емес.

"Бұл министрлік тарапынан жүргізіліп жатқан түзету емес еді. 50 немесе 100 км шектеу көлемі маңызды емес. Атап айтқанда, мұндай өзгеріс болжанбаған. Бұл агрегаторлардың қызметін жетілдіру бойынша жұмыс тобына қатысушылардың бірінің ұсынысы болды. Мұндай түзету дайындалмайды және талқыланбайды", — деп толықтырды ол.

Бұған дейін рейстердің кешігуі үшін Қазақстанда авиакомпаниялардың басшыларына да айыппұл салытаныны белгілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін