Алматы облысында 11 ауланы су басып қалды

Сурет: pixabay
2024 жылғы 23 тамыз күні сағат 16:30-да Алғабас ауылдық округінің Жаңаталап ауылында жауын-шашынның көп түсуі салдарынан жергілікті маңызы бар Алматы - Алғабас автокөлік жолының жиегі жартылай шайылып, 11 үй ауласынан ағын су жүріп өтті
"Осы автожол бойынша көлік арқылы жол жүру тоқтатылған жоқ. Жылдамдық режимін реттеу мақсатында ТЖ орын алған жерже жергілікті полиция қызметі орналасқан". Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті

Ведомствоның хабарлауынша, қазір су деңгейі төмендеген, су басу қаупі жоқ.

"Зардап шеккендер жоқ. Жағдай бақылауда", - делінген хабарламада.

Көшелер мен аула аумақтарынан суды сору және бұру жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-дан 52 қызметкер және 23 бірлік техника, оның ішінде 15 мотопомпалар жіберілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар, көктайғақ, бұрқасын". Бейсенбіде еліміздің бірқатар өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды

"СҚ-Фармация" сатып алуларындағы отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар түрі соңғы үш жылда 42%-ға көбейді

Қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің кітабы жарық көрді

Қазақстандықтар 2026 жылғы желтоқсанда неше күн демалады

Ер адам мәйітханада "тіріліп", темекі сұрады: оқиға видеоға түсіп қалды