Петропавлда кәріз коллекторы тағы жарылды

Сурет: astanatv.kz
Қызылжарда кәріз коллекторы тағы жарылды. Жарты ғасыр бұрын тартылған кәріз құбыры осымен төртінші рет бітеліп, қалдық су сыртқа шыққан. Салдарынан көшені кәріз суы басып, үйлердің ауласына кірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана TV хабарлауынша, Қызылжарда кәріз жүйесінің проблемасы сәуір айында басталды. Өткен ғасырдың 60-жылдары қаланың қақ ортасында салынған коллектор әбден тозып, жан-жағынан тесіле бастаған. Жергілікті билік мәселені дереу шешу үшін төтенше жағдай жариялап, бюджеттен 700 миллион теңге бөлген. Арада жарты жыл өтсе жағдай әлі сол күйі. Кәріз суы тағы көше бойымен ағып, бірқатар көпқабатты үйдің жертөлесіне кірді.

"Қазір жертөледегі судың деңгейі 85 см-ге жетті. Өткен жолы 1,5 метр болған. Сол кезде біз 4 күн бойы жарықсыз отырдық. Қазір де су тағы көтерілсе, электрсымдары тұйықталмау үшін жарықты сөндіреді". Қала тұрғыны Валентина Мельникова

Шенеуніктердің ақпаратынша, Абай көшесіндегі кәріз коллекторының жалпы ұзынды 2300 метр. Бүгінде оның 1800 метрі ауыстырылған. Жауаптылар жұмыс толық біткенше жұртты шыдамдылық танытуға шақырады.

"Жаңа құбыр тартылмайынша, ескі коллектордың жұмысын тоқтатуға болмайды. Біз түнде ақауды анықтап, ол жерді қазып тастадық. Құбырдың ішінен орамал мен дымқыл майлықтарды алып шықтық. Қазір екі сорғының көмегімен кәріз суын басқа құбырға жіберіп жатырмыз"."Қызылжар су" ЖШС бас инженері Александр Фомиченко
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды